Көңіл күй жоқ, бәрі ашуландырады, қолыңнан ештеңе келмейтіндей… Таныс па? Мұндай күй әркімнің өмірінде болады. Бақытымызға қарай, серпіліп алудың қарапайым жолы бар: көргеннен кейін орныңнан тұрып, бір нәрсені өзгерткін келетін дәл сол фильмді қосу.
Мотивация — құбылмалы нәрсе, бірақ оны қайдан іздеу керегін білсең, ұстап алуға болады. Ал мотивация беретін фильмдер — энергияны қайта жинап, өзіңнің кім екеніңді еске салудың ең қуатты әрі қолжетімді тәсілдерінің бірі. Қараңыз, шабыт алыңыз, өзіңізді іздеңіз — бұл топтамадан ішкі «қозғалтқышыңызды» іске қосатын оқиға міндетті түрде табылады.
«Игра на понижение»: үлкен шешімдер үшін шабыт керек кезде
Түпнұсқа атауы: The Big Short
Шыққан жылы мен елі: 2015, АҚШ
Режиссер: Адам Маккей
Басты рөлдерде: Кристиан Бейл, Райан Гослинг, Стив Карелл, Брэд Питт

2008 жылғы қаржы дағдарысы. Миллиондаған адам үйлерінен, жұмыстарынан, жинақтарынан айырылады. Бір адам — банкир де емес, көріпкел де емес, кеңседе майка киіп, барабандар ұстап жүретін жай ғана экономист — нарықтың құлағалы тұрғанын байқайды. Ол бүкіл жүйеге қарсы бәстеседі. Және жеңеді. Оның аты — Майкл Бьюрри, ал оның тарихы — шынайы.
«Игра на понижение» фильмі тек ақша туралы емес. Бұл — ешкім сенбесе де, өз жолыңмен жүрудің қаншалықты маңызды екенін еске салатын оқиға. Кейде дәл табандылық пен ақыл-парасат серпілістің кілтіне айналады.
«Бриттани бежит марафон»: дүйсенбіден бастайын дегенде
Түпнұсқа атауы: Brittany Runs a Marathon
Шыққан жылы мен елі: 2019, АҚШ және Канада
Режиссер: Пол Доунз Колайццо
Басты рөлдерде: Джиллиан Белл, Микаэла Уоткинс, Уткарш Амбудкар, Мика Сток

28 жастағы сауыққұмар Бриттани өз өміріне көңілі толмайды, күйзелісті фастфудпен басады, жүгіруді ұнатпайды және таңғы жүгірістің де жанкүйері емес. Бірақ дәрігерге кезекті барғанында, алғаш рет өз өмір салтының салдарымен бетпе-бет келгенде, бәрі өзгере бастайды. Өзін қолға алуға тырысқан кейіпкер ескі кроссовкасын киіп, жай ғана бір кварталды айналып шығу үшін көшеге шығады. Оның марафонға апарар жолы дәл осылай басталады.
Фильм бірде күлкілі, бірде көзге жас келтіретіндей таныс сезіледі. Ол спорт туралы емес, бір күні жаңа өмірге алып келетін шағын қадамдар туралы. Өзгеріс жасағысы келетін, бірақ неден бастарын білмей жүргендер үшін тамаша мотивация.
«Мэри Ком»: бастауында бәрі қиын әрі қорқынышты болғанда
Түпнұсқа атауы: Mary Kom
Шыққан жылы мен елі: 2014, Үндістан
Режиссер: Омунг Кумар
Басты рөлдерде: Приянка Чопра, Сунил Тхапа, Робин Дас, Даршан Кумар

«Мэри Ком» — Үндістанның шалғай аймағынан шыққан қыздың оқиғасы. Ол бала кезінен-ақ кедейлікке, қоғамдағы күмәнге және мүмкіндіктің жоқтығына қарамастан рингті бағындыруды армандады. Мэри Ком берілмеді. Ол бес дүркін әлем чемпионы атанып, миллиондаған адамға шабыт берді.
Бұл фильм әсіресе бәрін нөлден бастаған немесе дәл қазір жолдың басында тұрған адамдарға жақын. Ол тек жұдырықтың күші туралы емес, шешім мен табандылық туралы. Егер ішкі тірек іздеп жүрсеңіз, бұл мотивациялық фильм дәл керек нәрсені береді: берілмесеңіз, бәрі мүмкін екеніне сенім.
«С меня хватит»: күш жинап, бәрін қайта бастау керек кезде
Түпнұсқа атауы: Enough
Шыққан жылы мен елі: 2002, АҚШ
Режиссер: Майкл Эптед
Басты рөлдерде: Дженнифер Лопес, Билли Кэмпбелл, Тесса Аллен, Ноа Уайли

Даяшы Слим қарапайым өмір сүреді: жұмыс, үй, отбасы. Оның бақытты некесінің әдемі көрінісінің артында опасыздық пен зорлық жасырынғаны белгілі болғанда, бәрі өзгереді. Алғашында ол қорқады, кейін тығылады, бірақ бір күні өзіне: «Жетеді!» — деп айтып, қолында қызы бар күйі нөлден бастап еркіндікке қарай жолға шығады.
«С меня хватит» фильмі тек қашып кету туралы емес. Ол ішкі өзгеріс туралы. Қорқыныштың өзі кейде өзгерістерге күш беретін отынға айналатынын көрсетеді. Егер сіз бір кездері өзіңізді тұзақта қалғандай сезінсеңіз — эмоционалды, психологиялық немесе тұрмыстық — бұл оқиға тірек нүктесіне айналып, өзіңіз әлі байқамаған күштің бар екенін еске салуы мүмкін.
«1+1»: жалғыздықтан және сенімсіздіктен шаршағанда
Түпнұсқа атауы: Intouchables
Шыққан жылы мен елі: 2011, Франция
Режиссерлер: Эрик Толедано, Оливье Накаш
Басты рөлдерде: Франсуа Клюзе, Омар Си

Сал болып қалған аристократ күтім жасау үшін жұмысқа қала шетінен келген қара нәсілді жігітті алады. Ол медбикелік міндеттерден мүлде алыс адам. Бірі — тұйық, екіншісі — бейқам әрі батыл. Бірақ олардың достығы екеуін де өзгертеді. Фильм маңызды нәрселер туралы жеңіл, артық драмасыз әрі ақыл үйретпей баяндайды: бәрі аяқталғандай көрінген сәттің өзінде өмір күтпеген сый жасай алады. Иә, бұл оқиға шынайы оқиғаларға негізделген.
Бұл — көргеннен кейін өмірді жарқынырақ сүргің, дауыстап күліп, адамдарға қайта сенгің келетін дәл сондай оқиғалардың бірі.
«Человек, который изменил все»: сізге өзіңізден басқа ешкім сенбегенде
Түпнұсқа атауы: Moneyball
Шыққан жылы мен елі: 2011, АҚШ
Режиссер: Беннетт Миллер
Басты рөлдерде: Брэд Питт, Джона Хилл, Филип Сеймур Хоффман

Басты кейіпкер — күйреудің алдында тұрған бейсбол командасының менеджері. Ақша жоқ, жұлдыздар жоқ, бәрі оған қарсы. Бірақ ол өзгеше тәсіл табады: көмекші ретінде аналитикті алып, басқалар байқамайтын статистикаға сүйеніп, тәуекелге барады. Команда жеңе бастайды.
Бұл кинооқиға қалыпты шеңберге сыймайтын адамдар туралы. Жүйені бұзудан қорықпай, өз жолымен нәтижеге жететіндер жайлы. Қуатты, ойлы әрі өте мотивациялық фильм — әсіресе бәрі сияқты емес, өз жолымен әрекет етуге үйренгендер үшін.
Мотивациялық фильмдер сіздің барлық мәселеңізді шешіп бермейді. Бірақ олар өмірде қайтадан бір нәрсені сезінгіңіз келетін, бір мақсатқа ұмтылғыңыз келетін жолдағы алғашқы қадам болуы мүмкін. Кейде жүрекке әсер етіп, ойға «Мен де істей аламын ғой» деген сенім ұялатуы үшін бір ғана оқиға жеткілікті. Осы фильмдердің кем дегенде бірі сіз үшін сондай шамшыраққа айналсын.
Бұған дейін біз терең мағынасы мен қызықты сюжеті бар ең үздік корей фильмдерін де атап өткен едік.
